The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Eldos Smetov visited the historical and cultural reserve-museum "Monuments of аncient Taraz"

№3 мектеп лицейінің оқушыларына «Тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбында жылжымалы көрме 03.12.2024

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №3 мектеп лицейінің оқушыларына «Тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады.
Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ, оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғыс білдірді.