The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News

News

             М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «М. Х. Дулатидың еңбектері – түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы» атты тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы, «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Ибадильдаева Мадина қатысып, «М. Х. Дулати еңбектеріндегі құндылықтар» тақырыбында баяндама оқыды.

 

              Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы Жамбыл радиосының «Асыл қазына» хабарына арнайы қонақ болып қатысты. Эфир барысында өңір тарихындағы ерекше мәдени мұралардың бірі – ЮНЕСКО тізіміне енген «Ақтөбе (Баласағұн) қалашығының» тарихи маңызы мен зерттеу нәтижелері жөнінде мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
 
  
 
           Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорықтың
ұйымдастыруымен  Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгерлеріне
«Ежелгі Тараздың тарихи құндылықтары» атты жылжымалы көрме өткізілді.
           Көрме барысында студенттерге Тараз өңірінен табылған бірегей тарихи жәдігерлер таныстырылып,
олардың тарихи-мәдени маңызы жайлы мағлұмат берілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпаққа
ата-бабадан қалған мұраны танытып, тарихи сананы қалыптастыру және мәдени құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру 
⠀         Ежелгі Тараз — мыңжылдықтардан сыр шерткен алтын қазына!
           Тарихымызды бірге танып, болашағымызға аманаттайық! 
 
  
 
 
         Ежелгі Тараз өркениеті — тек қала емес, мыңжылдықтар сырын сақтаған қазына. Археологиялық
қазба жұмыстары барысында көне шаһардың дәл жүрегінен алтыннан жасалған бірегей көмбе табылған болатын.
        Зергерлік бұйымдар
        Ұсақ алтын түйіршіктер мен теңге қалдықтары
        Биік мәртебелі тұлғаларға тиесілі әшекейлер
Бұл жәдігерлер — Тараздың VI–XII ғасырлардағы гүлденген сауда, өркениет және қолөнер орталығы
болғанының айқын дәлелі.
        Ұлы Жібек жолының бойындағы Тараз — байлық пен мәдениеттің түйіскен мекені. Ал табылған
алтын көмбе — соның айғағы!
        Тарихымызды түгендеп, рухани мұрамызды бағалайық! Көне Тараз – мәңгілік қала!
 

           Құрметті отандастар!
           “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы баршаңызды
Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
           Бұл күн — халқымыздың тәуелсіздікке деген ұмтылысы мен мемлекетіміздің іргесін бекіткен маңызды
мереке. Республика күні — елдігіміздің, бірлігіміздің және азат рухымыздың символы. Тарихы терең, тамыры
мықты Тараз топырағы ежелгі өркениеттердің куәсі ретінде елдік пен бірліктің киелі бесігі болып келеді.
Осы рухани мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ парызымыз.
           Осы мерейлі күні баршаңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге береке-бірлік пен бейбіт өмір
тілейміз! Мерекеміз құтты болсын!
          

Page 10 of 201