News
Бүгін Қытай елінен келген қонақтар Көне Тараз ашық аспан астындағы археологиялық саябағында
болып, Ұлы Жібек жолының бойындағы терең тарихпен танысты.
Экскурсия барысында ежелгі қаланың бай мәдениеті мен архитектуралық мұралары жайлы мол
мағлұмат алып, ерекше әсерге бөленді. Қонақтар тарихи сапарды қызықты әрі мазмұнды жүргізген экскурсоводымыз
Назира Каракуловаға шын жүректен алғысын білдірді. Тарихпен жүздескіңіз келсе – Көне Тараз сізді де күтеді!
Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығына АҚШ-тың әртүрлі штаттарынан арнайы келген
қонақтарымыз тарихи мұрамен танысып, ерекше әсер алғандарын жеткізді.
Аника – Пенсильвания штатынан, түп-тамыры Қазақстанның Орал қаласынан, Адель –
Солтүстік Каролинадан, Кэйси мен Сэмми – Техас штатының тумалары.
Кесененің бірегей архитектуралық дизайны мен ұсынылған тарихи деректер шетелдік меймандардың
зор қызығушылығын тудырды. Олар: “Бұл мекенге әлемнің түкпір-түкпірінен туристердің ағылуы тегін емес.
Тараздың 2000 жылдан астам тарихы – шын мәнінде таңғаларлық. Америка тарихы бұл мұраның жанында
бала секілді көрінеді,” – деп өз ризашылықтарын білдірді.
Біз тарихи-мәдени мұрамызды дүние жүзіне танытуға үлес қосып жүргенімізге мақтанамыз!
Егер сіз де бабалар ізі қалған қасиетті мекенді сезінгіңіз келсе – Ежелгі Таразға жол тартыңыз!
Бүгін музей-қорықтың тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы Жамбыл радиосындағы “Асыл қазына”
хабарына қатысып, тыңдармандарға Қостөбе қалашығының бай тарихи мұрасы туралы терең әрі мазмұнды
ақпаратпен бөлісті. Сұхбат барысында ежелгі қалашықтың қалыптасу кезеңі, археологиялық қазбалар
нәтижесінде табылған құнды жәдігерлер мен Қостөбенің Ұлы Жібек жолы бойындағы рөлі кеңінен сөз болды.
Тарихқа қызығушылық танытқан барша тыңдармандар үшін бұл сұхбат шынайы рухани олжа болды.

Бүгін Taraz24 телеарнасында “Ежелгі Тараз ескерткіштері” музей-қорығында өткен ерекше шара
туралы арнайы сюжет жарық көрді! Сюжетте “Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи
музей-қорығының ұйымдастыруымен ашылған
“Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары” атты жылжымалы көрменің ашылу сәті көрсетілді.
Көрме барысында көрермендер қола дәуіріндегі жерлеу мәдениеті мен ғұрыптық дәстүрлерге қатысты
құнды археологиялық экспонаттармен танысты. Тарихқа терең бойлап, бабаларымыздың мәдени мұрасын
көзбен көруді қаласаңыз – бұл сюжетті міндетті түрде көріңіз!
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Таңбалы» мемлекеттік
тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің
қорымдары» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрме барысында қола дәуіріндегі жерлеу рәсімдері мен ғұрыптық дәстүрлерге қатысты құнды
экспонаттар жұрт назарына ұсынылып, ежелгі мәдениеттің терең тарихына үңілуге мүмкіндік берілді.
Шараға “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының мүшелері, тарихшылар мен БАҚ өкілдері арнайы қатысып,
көрмеге зор қызығушылық танытып, ұйымдастырушыларға ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Page 20 of 201
21 Jul 2025
182