15 қараша – ҚР Ұлттық валюта күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында жылжымалы көрме өтті. Көрмеге ежелгі Тараз қалашығынан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған құнды әрі бірегей нумизматикалық жәдігерлер қойылды. Әр түрлі кезеңге жататын тиындар көпшіліктің қызығушылығын оятты.




М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары мен студенттеріне «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысан – Ақыртас сәулет-археологиялық кешенінде экскурсия жүргізілді.


13 Қараша 2023
1030