«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Ибадильдаева Мадина Мананбайқызының «Әбдіқадір мешіті: салыну тарихы мен маңызы» тақырыбындағы мақаласы «Tekturmas» журналында жарық көрді. Мақалада Әбдіқадір мешіті туралы оның салыну тарихы, сәулеттік ерекшеліктері, халық үшін рухани маңызы және бүгінгі таңда діни-ағартушылық орталық ретінде атқарып отырған қызметі қамтылады.






Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Исаева Ұлжан Қаныбекқызының «Байырғы Барысхан – бабалар өркениетінің куәсі» атты ғылыми мақаласы «Tekturmas» журналында жарық көрді. Мақалада байырғы Барысхан қаласының тарихи маңызы, өркениеттік орны және мәдени мұрасы зерделенді.




Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының қарияларына арналған «Тәуелсіздік тағылымы – тарихтан бастау алған рух» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қариялар музей қорының құнды тарихи жәдігерлерімен танысып, халқымыздың сан ғасырлық тарихы, мен ұлттық рухани құндылықтар туралы мазмұнды мәліметтер алды. Көрмеге қойылған әрбір жәдігер өткен мен бүгінді жалғап, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы тарихи сабақтастықты айқын көрсетті. Жылжымалы көрме аға буын өкілдері үшін тағылымды рухани кездесу алаңына айналып, олардың тарихи жадысын жаңғыртуға, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесін қадірлеу және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын кеңінен насихаттау болды. Көрме қарияларға рухани қуат сыйлап, ел тарихына деген мақтаныш сезімін арттырған мағыналы шара ретінде өтті.
23 Желтоқсан 2025
38