Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Қали Жүніс моншасы

Новости

                «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Ибадильдаева Мадина Мананбайқызының «Әбдіқадір мешіті: салыну тарихы мен маңызы» тақырыбындағы мақаласы «Tekturmas» журналында жарық көрді. Мақалада Әбдіқадір мешіті туралы оның салыну тарихы, сәулеттік ерекшеліктері, халық үшін рухани маңызы және бүгінгі таңда діни-ағартушылық орталық ретінде атқарып отырған қызметі қамтылады.

 

 

 

               Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нда «2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығын қамтыған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманы талдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
              Іс-шара барысында мекеме қызметінің негізгі бағыттары бойынша жүргізілген ішкі талдау нәтижелері қарастырылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың алдын алу және жою тетіктері жан-жақты талқыланды. Дөңгелек үстелге мекеме басшылығы мен қызметкерлері қатысып, ашықтықты қамтамасыз ету, адалдық қағидаттарын сақтау және жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселелері бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Іс-шара қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған нақты ұсыныстар мен іс-шаралар жоспары белгіленді.
             Ашықтық. Адалдық. Жауапкершілік.
 

                      Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Исаева Ұлжан Қаныбекқызының «Байырғы Барысхан – бабалар өркениетінің куәсі» атты ғылыми мақаласы «Tekturmas» журналында жарық көрді. Мақалада байырғы Барысхан қаласының тарихи маңызы, өркениеттік орны және мәдени мұрасы зерделенді.

 

 

                “Ежелгі  Тараз   ескерткіштері”    тарихи-мәдени    музей-қорығына”   қарасты   нысандарында  ұйымдастырылатын экскурсиялар арқылы біз өткен мен бүгінді жалғап келеміз. 2025 жылы бізбен бірге тарихқа сапар шегіп, сенім білдірген әрбір қонағымызға шын жүректен алғыс айтамыз!
               Қадірлі қонақтар, сіздерді бай тарихы мен терең рухани құндылықтары тоғысқан Тараз өңіріне келіп, киелі мұралармен жақын танысуға шақырамыз!
 

               Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының қарияларына арналған «Тәуелсіздік тағылымы – тарихтан бастау алған рух» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қариялар музей қорының құнды тарихи жәдігерлерімен танысып, халқымыздың сан ғасырлық тарихы, мен ұлттық рухани құндылықтар туралы мазмұнды мәліметтер алды. Көрмеге қойылған әрбір жәдігер өткен мен бүгінді жалғап, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы тарихи сабақтастықты айқын көрсетті. Жылжымалы көрме аға буын өкілдері үшін тағылымды рухани кездесу алаңына айналып, олардың тарихи жадысын жаңғыртуға, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесін қадірлеу және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын кеңінен насихаттау болды. Көрме қарияларға рухани қуат сыйлап, ел тарихына деген мақтаныш сезімін арттырған мағыналы шара ретінде өтті.