Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости

              Бүгін Ұлттық валюта күніне орай "Ғылыми қызмет және ескерткіштерті қорғау" бөлімінің ғылыми қызметкерлері Исаева Ұлжан мен Қамбар Гүлмарал Жамбыл телеарнасының «Рауан» бағдарламасында күтпеген деректермен бөлісті. Бағдарламада көпшілік біле бермейтін теңгенің тарихы мен Тараздан табылған алтын теңгелердің құпиялары алғаш рет сөз болды. Бұл мәліметтер тарихқа мүлде жаңа көзқарас ұсынуы мүмкін. Не айтылғанын білгіңіз келе ме? Толық шығарылым жақында эфирде…

 

               Неолит пен қола дәуірі… мыңдаған жылдар бұрынғы адамдар… олардың іздері дәл біздің аймақта сақталғанын білдіңіз бе?
               Бүгін М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 1 курс студенттері өткен мыңжылдықтарға жол ашқандай әсер алды. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы арнайы келіп, көпшілік біле бермейтін Ақкөл тұрағының құпияларымен және сол дәуір адамдарының өмір салты жайлы ерекше деректермен бөлісті.
 
 
          Тарихтың тереңіне үңіліп, өрнектердің үнін тыңдап көрдіңіз бе?
          Әрбір сызық пен таңба — бабаларымыздың әлемге қалдырған ізі.
          "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының "Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Ақерке Ерғабылқызы №125 мектептің 8 «Ә» сыныбына «Өрнек пен өркениет: мәдени сабақтастықтың археологиялық көрінісі» тақырыбында танымдық сабақ  өткізді.
         Оқушылар археологиялық деректер арқылы мәдени сабақтастықтың маңызын танып, өткен мен бүгінді байланыстыратын рухани көпірдің мәнін ұғынды.
 
 
 

Ежелгі Тараздың айналасында қаншама құпия көмулі жатқанын білесіз бе?.. «Ақкөл тұрағы» — соның бірі. Бұл орын адамзаттың мыңдаған жыл бұрынғы өмірінен үн қатып тұрғандай… Осы ерекше нысан жайында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының ғылыми қызметкері Исаева Улжан радио эфирінде ой бөлісті. Тарихтың тереңіне үңілгіңіз келсе — алдағы жазбаларды жіберіп алмаңыз!

            Тараздың мыңжылдық құпиялары ашылды!
            Гүлмарал Үшкемпірқызының мақаласы «Тектұрмас» журналында жарық көрді. «Көне Тараз: Ашық аспан астындағы тарих» атты зерттеу қаланың Қарахан дәуірінен қалған мәдени қабаттары мен жасырын құрылыс орындарын баяндайды.
            Сіз білмейтін Тараз тарихының сырын ашуға дайынсыз ба?