Новости
Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ақерке Ерғабылқызының ғылыми мақаласы “Tekturmas” республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналына жарияланды!
Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін Айша бибі кесенесі – Тараз қаласының мәдени болмысын айқындайтын асыл мұра. Мақалада ескерткіштің тарихи негізі, сәулеттік нақышы мен рухани мағынасы кеңінен ашылды.


«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызының ғылыми мақаласы «Тekturmas» республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналында жарияланды!
«Орта ғасыр өркениетінің мұрасы – Өрнек қалашығы» атты бұл мақалада Өрнек қалашығына жүргізілген зерттеулер, археологиялық материалдар және оның ортағасырлық өркениеттегі маңызы кеңінен ашып көрсетілген.




ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің ұйымдастыруымен Қазақстанның жетекші музейлері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Кездесу музей саласын дамытуға бағытталған стратегиялық ұсынымдарды талқылауға арналды.
Музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы іс-шара барысында Жамбыл облысында 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне «Жібек жолы: Чаньань-Тянь-Шань дәлізі бағыттарының желісі» номинациясы бойынша енгізілген Ақтөбе, Қостөбе, Құлан, Өрнек және Ақыртас архитектуралық-археологиялық кешендерінің қазіргі жағдайы мен проблемалық мәселелерін атап өтіп, жаңа жобаны таныстырып, қысқаша былай деді:
«Ақыртас – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген бірегей тарихи ескерткіш, 150 жылдан бері зерттеушілер үшін сырын толық ашпаған құндылық. Архитектуралық құрылымы мен ауқымы жөніндегі ғылыми пікірталастарға қарамастан, нысанға келушілер саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда аумақта туристерге қызмет көрсететін заманауи визит-орталық жұмыс істейді.
Бүгін біз мұраны жаңа деңгейде таныстыруға бағытталған инновациялық жобаны ұсынамыз – Akyrtas Digital Pavilion. Бұл интерактивті медиахаб иммерсивті технологиялар, AR/VR тәжірибелері, 3D модельдеу және медиарезиденциялар арқылы білім, ғылым және инновацияны біріктіріп, Ақыртас мұрасын цифрлық форматта кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді».










“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тағы бір зор жетістікке қол жеткізді! Музей-қорықтың “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының еңбегі «Бабаджа хатун кесенесінің құрылысы мен зерттелу тарихы» атты ғылыми мақаласы халықаралық “ULY DALA MURASY” журналында жарық көрді! Тарих жаңғырып, мұраларымыздың дауысы алысқа жетсін! https://ulydalamurasy.kz/?journal=main





Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде “Ежелгі Тараздағы қолөнер мен зергерлік бұйымдары” тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрме барысында студенттер көне дәуірдегі қолөнер үлгілерімен, зергерлік әшекейлердің жасалу технологиясымен және Тараз өңірінің мәдени мұрасымен жақынырақ танысты. Шараның мақсаты – жастарға тарихи құндылықтарды насихаттау және ұлт мұрасының маңызын таныту
15 Дек 2025
106