«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Назар аударыңыз!

Жаңалықтар
           Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Мадина Ибадильдаева Жамбыл радиосының «Асыл қазына» хабарына арнайы қонақ болып қатысты.
           Эфир барысында өңір тарихындағы ерекше мәдени мұралардың бірі – Жалпақтөбе (Жікіл) қалашығының тарихы мен зерттелу нәтижелері жөнінде мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
 

              "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Нәметбай мешітіне бүктеме парағы дайындалды. Ақпаратты ұсынушы "Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің қызметкерлері. Көркемдік тұрғыдан безендірген "Қор сақтау және есепке алу" бөлімінің дизайнері - Г.С. Әбдібекова.

             «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Туристік бизнес» мамандығының 1 курс студенттеріне «Шоқай Датқа кесенесі: архитектуралық ерекшеліктері мен тарихи мәні» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
             Дәріс барысында студенттер тарихи ескерткіштің құрылымдық ерекшеліктерімен, сәулеттік шешімдерімен және оның өңір тарихындағы маңызымен танысты.

         Тараз қаласының ежелгі тарихи келбетін толықтырып тұрған маңызды нысандардың бірі – Әулиеата мешіті. Мешіт атауы Тараздың байырғы есімімен тығыз байланысты.
Бұл діни кешен:
         рухани білім беретін орталық
         имандылыққа тәрбиелейтін мекен
         қоғамды бірлікке үндейтін орын
Тараздың тарихи-мәдени болмысы мен ислам өркениетінің сабақтастығын көрсететін қасиетті орын ретінде қайта жанданып келеді.
Әулиеата мешіті, Тараз
 

                 М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде тарих мамандығының бірінші курс студенттеріне "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығы “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау”бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке “Оххум қалашығындағы археологиялық зерттеулер” тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында көне Оххум қалашығының тарихи маңызы мен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері жайлы тың ақпараттар айтылды.