«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Мадина Ибадильдаева «Жамбыл» радиосының FM 100,8 әуе толқынында «Киелі Талас қойнауындағы Қарақожа мешіті» тақырыбында сұхбат берді 15.01.25

«Ежелгі Тараз ескерткіштерінің құпиялары» тақырыбында дәріс 24.09.2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ежелгі Тараз ескерткіштерінің құпиялары» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.