«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

«Алғыс айтам еліме» атты жылжымалы көрмесі өткізілді

Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын, азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні-Алғыс айту күні. Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығының жарқын символы.

Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері "Алғыс айтам еліме" атты жылжымалы көрмесін Көне Тараз саябағының алаңында ұйымдастырды.

Асыға күткен көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні құтты болсын!