«Қызғалдақ фестивалі» аясында Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына келген туристер көне тарихпен қауышып, табиғатпен үйлескен ғажайып көріністерге куә болды.
Көңілдері шат, жүректері риза меймандар шынайы алғыстарын білдіріп, Тараздың тылсым тарихынан рухани әсер алды. Тараз – мәңгілік мұра мекені!
Бірлік күніне орай “Тарих толқынындағы Тараз” жылжымалы көрмесі өтті! Бүгін Тараз қаласындағы №3 Өзбек мектебінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесіп ұйымдастырылған “Тарих толқынындағы Тараз” атты жылжымалы көрме өтті.Іс-шара аясында мектеп оқушылары арасында зияткерлік жарыс ұйымдастырылып, көрменің мазмұны оқушылардың қызығушылығын арттырды.Көрмені «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова таныстырып, оқушыларға аймақтағы тарихи ескерткіштер жайында қызықты мәліметтермен бөлісті.Шараның мақсаты – оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тарихқа деген қызығушылығын ояту, ортағасырлық қалалар мен сәулет өнерін таныту, сондай-ақ ежелгі жәдігерлердің мән-маңызын түсіндіру болды.#БірлікКүні #ТарихТолқынында #ЕжелгіТараз #ЖылжымалыКөрме #МәдениМұра #ЖасұрпақЖадында
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі: Жамбыл облысы аумағындағы тарихи нысандарды қорғау мен туризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Жиынды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемов ашып, жүргізді. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары мен студенттер қатысты.Жиында тарихи-мәдени мұраларды сақтау, экотуризмді дамыту және тарихи нысандарды қорғау жайы кеңінен талқыланды. Музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы:“Бабалардан қалған мұра – ұлттың рухани коды. Оларды қорғау, сақтау – бәрімізге ортақ міндет. Тарихи-мәдени нысандарды құлпырту үшін қолдан келгенше жағдай жасап жатырмыз. Бірақ, туристердің қызығушылығын арттыру үшін сіздерден қолдау қажет. Бірге әркет етсек, бабалар мұрасын кеңінен танытамыз”,– деді. #Ақыртас #ЕжелгіТараз #МәдениМұра #ТазаҚазақстан #ЖамбылТуризмі #ТарихТамыры
03 Мамыр 2025
748



