«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Алдағы уақытта Құлан Түркістан секілді туристерге толады!

Жаңалықтар
    «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Өрнек қалашығына бүктеме парағы дайындалды.
    Ақпаратты ұсынушы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері. Ал көркемдік тұрғыдан безендірген «Қор сақтау және есепке алу» бөлімінің дизайнері – Г. С. Әбдібекова.
 

    М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің “География мұғалімдерін даярлау” мамандығының 1 курс студенттері үшін “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің” қызметкерлері “Оххум қалашығындағы археологиялық зерттеулер” тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
    Дәріс барысында студенттер Оххум қалашығының тарихи маңызы, археологиялық зерттеу әдістері мен табылған жәдігерлер жайында тың мәліметтер алды. Бұл шара болашақ география пәні мұғалімдерінің кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және тарихи-мәдени мұраларға деген құрметін арттыруға бағытталды.
 

    Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Қамбар “JAMBYL” радиосының “Асыл қазына”бағдарламасында Таңірқазған тұрағы жайлы тың әрі құнды мағлұматтармен бөлісті.
    Бағдарлама барысында Гүлмарал Қамбар Таңірқазған ескерткішінің тарихи мән-маңызына тоқталып, ежелгі адамның өмір сүру салты, тұрмыс-тіршілігі мен археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы жан-жақты мәлімет берді. Бұл тың деректер халқымыздың бай тарихына деген қызығушылықты арттырып, өткенді тереңірек тануға жол ашады.
 

Батырдың рухына тағзым! Бүгін даңқты қолбасшы, айтулы стратег, ержүрек жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толып отыр. Осыған орай ел жадында мәңгілікке сақталған ерліктің символына айналған тұлғаға арналған Бауыржан Момышұлы музейі ашылды.Музейде Баукеңнің өмір жолына терең бойлауға барлық жағдай жасалған. Келушілер оның балалық шағынан бастап әскери өмірі, отбасы, жеке заттары мен құжаттары қойылған арнайы көрмемен таныса алады. Әсіресе, соғыс кезіндегі басқарған батальон, полк, дивизияға қатысты құпия құжаттар сақталған темір сейф, сондай-ақ шұғылалы шинель, етік, папаха, қалпағы мен аты аңызға айналған маузері ерекше әсер қалдырады. Маузердің үстінде Бауыржан Момышұлының есімі қашалып жазылған.Бұл — тек музей емес, ұрпаққа үлгі, рух пен тарихтың алтын діңгегі. Батыр бабамыздың рухына тағзым! #БауыржанМомышұлы115жыл #БатырРухы #ҰлыДалаЕрлігі #ЖадыңдаҰста

 

9 мамыр – ерлік пен елдіктің, қайсарлық пен қаһармандықтың мәңгілік символы. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Ата-бабаларымыздың ерлігі ұмытылмайды, рухы мәңгі жасайды! Бейбіт күніміз баянды болсын! Жеңіс күні құтты болсын!

#ЖеңісКүні #9Мамыр #80жыл #ҰлыЖеңіс