«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
      Құрметті достар!
       Тараздың ежелгі мұраларына сапарлауға дайынсыз ба? Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей қорығына қарасты нысандарда заманауи 3D үлгісіндегі ақпараттық тақтайшалар жаңартылды!
       Енді сіз кесенелердің аңыздарын QR-код арқылы көре аласыз.  Сонымен қатар, әр нысанның нақты жол картасын QR-кодпен оңай жүктеп алуға болады.
       Саяхаттарыңыз сәтті болсын! Тараздың тарихы мен мәдениеті әрқашан қымбат!
 
        Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің” тарихшысы Улжан Қаныбекқызы Айша бибі кесенесі мен Бабаджахатун кесенесіне мониторинг жүргізді.
       Алдағы уақытта жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша есеп дайындалатын болады.
       Біздің мәдени мұрамыз – тарихымыздың айнасы!
 

        Құрметті отандастар!
        Бүгінгі Рәміздер күні – халқымыздың рухын, бірлігін айқындайтын, тәуелсіздігіміздің ең маңызды нышандарын ардақтайтын мереке! Қазақстанның көк байрағы, еңселі елтаңбасы мен жүректі тебірентер әнұраны – әрқайсымыздың мақтанышы. Осы қасиетті рәміздеріміздің мәртебесі биік, елдік бірлігіміз нығайып, болашағымыз баянды болғай!
        Рәміздер күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
 

        Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова Тұңғыш Президент Қорының YouTube арнасындағы Qazaq Quest жобасына сұхбат беріп, түсірілімге қатысты. 
        Бұл жобада біздің музей-қорыққа қарасты Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан баба және Дәуітбек кесенелері таныстырылды. 
Әріптесіміз Фаризаға сәттілік тілейміз! Алдағы уақытта жаңа жобаның жарыққа шығуын асыға күтеміз! 
 

         Халықаралық балалар күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова Оқушылар сарайының суретшілерімен бірге Көне Тараз археологиялық саябағына танымдық экскурсия жүргізді.
         Қор сақтау бөлімінің қызметкерлері оқушыларға көне Тараздан табылған құнды жәдігерлердің маңызын түсіндіріп, олардың тарихымен таныстырды. Балалар ерекше қызығушылықпен тыңдап, көне жәдігерлердің бейнесін қағаз бетіне түсірді.
         Іс-шара соңында оқушылар әдемі суреттері үшін тәтті шоколад сыйлықтарға ие болып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты!