«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
            2025 жылғы 4 тамыз күні Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы»
КММ және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірлесуімен, Asyl Mura
волонтерлық бағыты аясында «Тарихыңды таны» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды.
            Іс-шара аясында жастарымыз киелі кесенелермен, өлкеміздің бай тарихымен және рухани
мұраларымен жақын танысып, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырды. Бұл бастама жас ұрпақтың
тарихи санасын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.
 
 
           “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және
ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының мақаласы KAZMUSEUM.kz
сайтында жарық көрді!
           Мақалада Тараздың бай тарихи-мәдени мұралары мен археологиялық зерттеулердің маңыздылығы
кеңінен баяндалады. Толығырақ танысу үшін KAZMUSEUM.kz сайтына кіріңіз!
  

            Ортағасырлық Көне Тараз қалашығынан табиғи май өндіруге арналған арнайы тас құрылғы табылды.
Бұл тас – сол дәуірде зығыр, күнжіт, мақта сияқты өсімдіктерден май сығу үшін қолданылған ерекше құрал.
            Археологиялық деректерге сүйенсек, май тек тағамға ғана емес, дәрілік, тұрмыстық және тері өңдеу
мақсаттарында да кеңінен пайдаланылған. Бұл – Көне Тараз тұрғындарының шаруашылықтағы, медициналық
және саудадағы жоғары мәдениетін көрсетеді.
            Көне Тараз – жай ғана ежелгі қала емес, өз заманының өндірістік және экономикалық орталығы болған.
Бұл жаңалық сізді таңғалдырды ма? Пікір қалдырыңыз!
 

            Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республикалық
«Айқын» газетіне арнайы сұхбат берді.
            Сұхбат барысында министр қазіргі қазақ киноиндустриясы, опера және балет театрларының
мәселелері, сондай-ақ музей ісі мен кітапхана саласының дамуы жөнінде өзекті пікірлерін ортаға салды.
Әсіресе музей ісіне қатысты айтылған маңызды ойлар мен бағыттар саланың болашағына бейжай қарамайтын
әр маман мен жанашыр азамат үшін құнды.
            Сұхбаттың осы тұстарымен танысу үшін bio-сілтемеге өтіңіз немесе kazmuseum.kz сайтына кіріп,
толық мәтінді оқыңыз.
 

 

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2025 жылғы 4 шілдедегі
№ 307-НҚ бұйрығына
27-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар

 

Р/с

Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы

Өлшем бірлігі

Құны

1

Кіру билеті

1)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің шетелдік азаматтарына

1 билет

1500

2)

өзге мемлекеттердің шетел азаматтарына

2000

3)

ересектерге

300

4)

студенттер мен зейнеткерлерге (растайтын құжаттарды ұсынған кезде)

200

5)

мектеп жасындағы балаларға (растайтын құжаттарды ұсынған кезде)

100

2

Ұжымдық келушілерге экскурсиялық қызмет көрсету

(топта 25 адамға дейін)

1)

қазақ және орыс тілдерінде

1 топ

2000

2)

ағылшын тілінде

5000

3)

мектеп жасындағы балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде

1000

3

Қорық-музей шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиеттерді сату

1 дана

3000

4

Полиграфия өнімдерін сату

1)

күнтізбе

1 дана

1500

2)

плакат

700

3)

буклет

1000

4)

блокноттар мен күнделіктер

1000

5)

жолнұсқа

500

6)

альбом, кітап

4000

5

Қорық-музей экспонаттарының муляждарын және көшірмелерін сату

1 дана

25000

6

Кәдесый өнімдерін сату

1)

қыштан жасалған бұйымдар

1 дана

1500

2)

шыныдан жасалған бұйымдар

3000

3)

ағаш бұйымдар

5000

4)

графикалық суреттер

25000

 

7

Қонақ үй кешенінің қызметтері

 

1)

екі орындық нөмір

1 күн

10000

 

2)

бір орындық нөмір

5000

 

8

Тарихи-мәдени сараптама жүргізу

 

1)

археологтар ескерткіші, қла құрылысы және сәулет, ансамбль және кешен, қасиетті нысан, монументалды өнердің құрылысы

1 нысан

250000

 

9

Тарих және мәдениет ескерткiшiне ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттарда қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қазметтер (семинарлар, тренингтер, конференциялар, коворкинг-орталықтар, тамақтану, қонуға алаңдар ұсыну арқылы)

1 бірлік/адам

3000

 

    

  Ескерту:

       Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11964 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.