«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Назар аударыңыз!

Жаңалықтар
         Ұлы Жібек жолының інжу-маржаны саналатын Айша бибі кесенесі тек ғажайып өрнектерімен ғана емес,
сонымен қатар салыну ерекшелігімен де таң қалдырады. Ортағасырлық шеберлер құрылыс барысында
арша ағашын кірпіштің арасына қосып пайдаланған.
        Арша – қазақ дәстүрінде тазалықтың, пәктіктің және ұзақ ғұмырдың символы.
        Ғалымдардың айтуынша, аршаның табиғи қасиеттері құрылысқа беріктік пен ерекше энергетика сыйлаған.
Сондықтан да Айша бибі кесенесі ғасырлар бойы сырын сақтап, бүгінгі күнге дейін жетті.
Бұл – біздің ата-бабамыздың табиғатпен үндескен даналығы мен қолөнер шеберлігінің айқын дәлелі.
        Егер сіз Таразға жолыңыз түссе, Айша бибі кесенесіне соғып, осы ғажап рухты сезініп көріңіз!
 

            «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан баба кесенесі,
Айша бибі кесенесі және Көне Тараз археологиялық кешенінде ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен
өткен «Үздік учаскелік полиция инспекторы» және «Үздік кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторы» республикалық конкурсына қатысушыларға кәсіби экскурсия өткізілді.
            Қонақтарымыз еліміздің әр өңірінен келіп, көне Тараздың тарихи-мәдени мұрасымен танысып,
ерекше әсер алды. Бұл шара – тарих пен бүгінгі қоғам арасын жалғап, мәдениетімізді насихаттаудағы
маңызды қадам болды.
 
 
 
           Бүгін Таразға алыстан, күншуақты Италиядан туристер келіп, көне шаһардың тарихи ескерткіштерімен
танысты. Қарахан баба, Айша бибі кесенелері мен Көне Тараз археологиялық кешенін аралаған қонақтар
ғасырлар қойнауынан сыр шертетін тарихымызға ерекше қызығушылық танытты. Экскурсиядан кейін олар
Тараздың бай мәдениеті мен тарихи мұрасының ғажайыптығына таңғалып, алған әсерлерімен бөлісті.
          Сіз де Таразға келіп, көне тарихпен, мәңгілік ескерткіштермен танысып көріңіз!
          Тараз – Ұлы Жібек жолының жүрегі, тарих пен мәдениеттің тоғысқан мекені.
 

            Ағымдағы жылдың 14 тамызында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан баба және Айша бибі
кесенелеріне келді.
            Сапар барысында министр ескерткіштердің қазіргі жағдайымен танысып, тарихи мұраны сақтау
мен дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда:
    • Экономикалық тиімді шешімдер қабылдау жолдары
    • Кадр тапшылығын жою және білікті мамандар даярлау
    • Туристерді көптеп тарту және мәдени туризмді дамыту.
Бұл кездесу – көне мұраларды сақтау ісіне серпін беріп, оларды халыққа және шетелдік қонақтарға кеңінен
таныстыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
 
 

Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрме барысында қола дәуіріндегі жерлеу рәсімдері мен ғұрыптық дәстүрлерге қатысты құнды экспонаттар жұрт назарына ұсынылып, ежелгі мәдениеттің терең тарихына үңілуге мүмкіндік берілді.

Шараға “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының мүшелері, тарихшылар мен БАҚ өкілдері арнайы қатысып, көрмеге зор қызығушылық танытып, ұйымдастырушыларға ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

https://www.instagram.com/p/DMKiNtKvUbj/