«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Вручен сертификат

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми бөлім қызметкерлері Ұлжалғас Шаизханның «Қостөбе – Талас өңіріндегі қала мәдениетінің озық үлгісі» және Мадина Мананбайқызының «Мерке – ортағасыр өркениеті» тақырыбында мақалалары «Қарахан» тарихи-танымдық, әдеби-көпшілік журналына жарық көрді.

Жуалы ауданы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының еншісіндегі «Қарахан», «Дәуітбек» кесенелеріне және «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағына экскурсия жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 30 маусым күні Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының ұйымдастыруымен бүкіләлемдік мұраларды басқару бойынша өкілетті және жауапты құрылымдар арасындағы үйлестіру-консультативтік кеңесі өтті. Аталмыш кеңеске Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сеитова, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының мәдениет жөніндегі маманы Айгүл Халафова, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық Комиссияның Бас хатшысы Алия Байсабаева, Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік мұралар бойынша Ұлттық Комитетінің төрағасы Гүлмира Мұхтарова қатысты. Сондай-ақ мәжіліске Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Берік Жүсіпов қатысып, өзекті мәселелер бойынша өз ойымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «ABAY» бастауыш мектеп-гимназиясының оқушыларына Тараз қаласының дәл орталығында орналасқан киелі де сәулетті ескерткіштердің бірі – Қарахан және Дәуітбек кесенелеріне экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылар кесененің қосымша худжра бөлмелерінде қазба жұмыстары барысында ежелгі Тараз қалашығынан табылған жәдігерлерден құралған экзпозицияны тамашалады. Атап айтсақ: Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сынапкөзелер, шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар. Содан соң рухани құндылықтардың ордасы болған «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған ортағасырлық қала орнын таныстырып, қалашық тарихына саяхат жасалды.
Үйірме барысында оқушылар тарихи-мәдени мұраларымызбен, ежелгі қаланың архитектуралық құрылысымен, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар, ірі мәдениет ошақтарының бірі болған Тараз шаһарының тарихымен танысты. Мұндай танымдық бағдарламаны ұйымдастыруда көзделген басты мақсат – оқушылардың танымын жетілдіре отырып, еліміздің өткен тарихын, мәдени құндылықтарын бағалай білуді және құрметтеуді үйрету.
Ағымдағы жылдың 26-28 маусым күндері Ежелгі Олимпия қаласының мэрі Георгиос Георгиопулос бастаған грек делегациясы Тараз қаласына келді. Аталмыш іс-шараға Тараз қаласы әкімі Бақытжан Әмірбекұлы қатысты. Грек делегациясына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының еншісіндегі Қарахан, Дәуітбек кесенелеріне және «Көне Тараз» археологиялық саябағына экскурсия жүргізілді. Ең алдымен шетелдік қонақтар рухани құндылықтардың ордасы болған «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағын тамашалаудан бастады. Содан соң тұла бойы тарихқа толы Тараз қаласының орталығында орналасқан киелі де сәулетті ескерткіштердің бірі – Қарахан және Дәуітбек кесенелеріне экскурсия жүргізілді.
Ежелгі Олимпия қаласының мэрі Георгиос Георгиопулос бастаған грек делегациясына екі мың жылдан астам тарихы бар, өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті мекен, мәңгіліктің қаласы, үлкен руханият орталығы, әлемдік өркениеттен ойып орын алатын ежелгі Тараз қаласының тарихы айтылды. Шетелден келген қонақтар экскурсия кезінде ерекше қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, жауабын ала алды.