Бүгін Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен арнайы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына жергілікті жауапты сала мамандарының басын қосып, кеңесті. Аталмыш жиналыста біршама шешімін табуы тиіс өзекті мәселелер көтеріліп, ойға алынды. Өңіріміз талай ғасырлық тарихымен, тарихы тереңде жатқан орындарымен әйгілі. Оның ішінде, республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер болса, облыстық маңызы бар ескерткіштер де жетерлік. Оларды қорғап, сақтап қалу бағытында түйінді мәселелер бар екендігі ерекше айтылды.

Ағымдағы жылдың 11-12 тамыз күндері Хух-Хото қаласынан қытай делегациясы Тараз қаласына келді. Аталмыш делегацияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан кесенесінде экскурсия жүргізілді. Шетелдік қонақтар өз қызығушылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойды.




Ағымдағы жылдың 8 тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Жамбыл облысында орналасқан Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-жапсарын білу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Аталмыш мониторинг жұмыстары Шу ауданындағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Ақтөбе (Баласағұн) қалашығынан бастау алып, Меркі, Құлан, Өрнек, Қостөбе қалашықтарының қазіргі таңдағы жағдайына бақылау жүргізумен жалғасты. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлері жергілікті қорғау инспекторларымен кездесіп, ескерткіштерді сақтау, қалпына келтіру және ғылыми зерттеудің өзекті мәселелері, тарихи-мәдени нысандардың жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нақты тапсырмалар берілді.


17 Тамыз 2023
382