Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости

    «Қызғалдақ фестивалі» аясында Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына келген туристер көне тарихпен қауышып, табиғатпен үйлескен ғажайып көріністерге куә болды.

   Көңілдері шат, жүректері риза меймандар шынайы алғыстарын білдіріп, Тараздың тылсым тарихынан рухани әсер алды.  Тараз – мәңгілік мұра мекені!

 

     Бірлік күніне орай “Тарих толқынындағы Тараз” жылжымалы көрмесі өтті! Бүгін Тараз қаласындағы №3 Өзбек мектебінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесіп ұйымдастырылған “Тарих толқынындағы Тараз” атты жылжымалы көрме өтті.Іс-шара аясында мектеп оқушылары арасында зияткерлік жарыс ұйымдастырылып, көрменің мазмұны оқушылардың қызығушылығын арттырды.Көрмені «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова таныстырып, оқушыларға аймақтағы тарихи ескерткіштер жайында қызықты мәліметтермен бөлісті.Шараның мақсаты – оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тарихқа деген қызығушылығын ояту, ортағасырлық қалалар мен сәулет өнерін таныту, сондай-ақ ежелгі жәдігерлердің мән-маңызын түсіндіру болды.#БірлікКүні #ТарихТолқынында #ЕжелгіТараз #ЖылжымалыКөрме #МәдениМұра #ЖасұрпақЖадында

      «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі: Жамбыл облысы аумағындағы тарихи нысандарды қорғау мен туризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Жиынды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемов ашып, жүргізді. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары мен студенттер қатысты.Жиында тарихи-мәдени мұраларды сақтау, экотуризмді дамыту және тарихи нысандарды қорғау жайы кеңінен талқыланды. Музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы:“Бабалардан қалған мұра – ұлттың рухани коды. Оларды қорғау, сақтау – бәрімізге ортақ міндет. Тарихи-мәдени нысандарды құлпырту үшін қолдан келгенше жағдай жасап жатырмыз. Бірақ, туристердің қызығушылығын арттыру үшін сіздерден қолдау қажет. Бірге әркет етсек, бабалар мұрасын кеңінен танытамыз”,– деді. #Ақыртас #ЕжелгіТараз #МәдениМұра #ТазаҚазақстан #ЖамбылТуризмі #ТарихТамыры

 

 

    "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік мәдени музей-қорығы" мекемесіне қарасты Айша бибі кесенесіне, еліміздің әр өңірінен келген қонақтардан бөлек, шетелдіктер жиі келетін мекен.
    Бүгінде қонақтары толастамайтын Айша бибі кесенесіне, әскери техникалық мектептің әр өңірден келген курсанттары келіп, Айша бибі туралы аңыздарды естіп, Қарахан бабамен байланысы және кесененің қай ғасырда тұрғызылғандығы жайлы ақпарат алды.
#ежелгі_тараз_ескерткіштері     #музей