Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости
           Бүгін «Ежелгі Тараз тарихи-мәдени музей-қорығы» Республика күніне орай «Ұлттық құндылықтардың
жаңғыруы» атты республикалық челлендж ұйымдастырды.
           Бұл шараға «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар
сарайы» КММ-нің «Шұғыла» бейнелеу өнері студиясынан 30-ға жуық оқушы қатысып, музей экспонаттарына
қарап өз туындыларын салды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру,
ұлттық мәдениет пен тарихи мұраға құрмет сезімін арттыру.
 

 

         Құрметті тараздықтар!
 
         Республика күніне орай 25 қазан күні Көне Тараз қалашығында – Ашық есік күні!
 
         Сіздерді тарихы терең, рухы биік Көне Тараз қалашығына шақырамыз! Бұл күні келушілерге тегін
экскурсиялар ұйымдастырылып, ежелгі қаланың бай мұрасымен танысуға ерекше мүмкіндік туады.
 
         Өтетін орны: Көне Тараз қалашығы
         Күні: 25 қазан      Уақыты: 10:00–17:00
 
Тарихтың тынысын сезініп, ұлт мерекесін бірге қарсы алайық!
             Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында мемлекеттік сатып алу
саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша
түсіндіру сұхбаты өткізілді.
             Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласында заң талаптарын мүлтіксіз орындау, ашықтық пен
әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылады.
Кездесу барысында қатысушыларға заң нормалары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, практикалық мысалдар келтірілді.
 
            Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы
Ерлан Ерғазыұлы Дәкенов "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығында атқарылып жатқан
жұмыстармен танысып, өз бағасын берді.
            Сонымен қатар Ерлан Ерғазыұлы музей-қорық ұжымына Нұржан Мергенбайды директор етіп
тағайындау туралы министрліктің бұйрығын таныстырды. Бұған дейін Нұржан Мергенбай "Ежелгі Тараз
ескерткіштері" музей-қорығында директордың міндетін уақытша атқарушы қызметін атқарып келген
болатын. Комитет төрағасы қысқа уақыт ішінде мекеменің жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, алдағы
уақытта да ұжымның жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетініне сенім білдірді.